about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

«Комирнати» (Pfizer) вакцинасы

«Комирнати» (Pfizer) – SARS – CoV-2 тудыратын коронавирус инфекциясының профилактикасына арналған МРНҚ…

26, Шілде 2022

«Комирнати» (Pfizer) – SARS – CoV-2 тудыратын коронавирус инфекциясының профилактикасына арналған МРНҚ (нуклеозидтермен модификацияланған) негізіндегі КВИ-ге қарсы вакцина. «Комирнати» құрамында иммундық қорғаныш тудыратын вирус жоқ, КВИ инфекциясын тудыруы мүмкін емес.
Бір құтыда сұйылтқаннан кейін 0,3 мл-ден 6 доза болады, 1 доза 0,3 мл.
Сыйымдылығы 2 мл мөлдір көп дозалы құты, тығынмен тығындалған және Flip-off типті пластикалық қақпағы бар алюминий қақпақшамен оралған.
Вакцинация бірінші дозадан кейін 21-28 күн аралықпен 2 рет жүргізіледі; екі дозаны енгізу үшін бір препаратты қолдану ұсынылады.
Екінші доза 21 күннен кем уақытта кездейсоқ енгізілген жағдайларда, қосымша доза енгізілмейді.
Вакцина ерітілгеннен кейін дельта тәрізді бұлшықетке (иықтың сыртқы бетінің жоғарғы үштен бір бөлігі) 0,3 мл дозада енгізіледі.
Вакцинация жасөспірімдерге (12-17 жас аралығындағы), жүкті әйелдерге (жүктіліктің 16-37 аптасындағы), емізулі әйелдерге (босанғаннан кейінгі 42 күннен кейін) жасалады.

БІЛГЕНІҢІЗ АБЗАЛ
Шымкент қаласы бойынша ағымдағы мерзімде коронавирусты инфекцияға қарсы «QazCovid-in» (Qazvac), белсенділігі жойылған «Vero cell» COVID-19 (Sinopharm) және «Комирнати» (Pfizer, США) вакциналары қолданылуда.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Городская клиническая больница №1"

Мекен-жайы:

Email:

РК, г. Шымкент, ул.Металлистов 1Б

sgbcmp@mail.ru