about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

Шымкент қалалық №1 Клиникалық ауруханасы мен Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясы арасындағы екі жақты мемарандумға қол қою іс-шарасы

Шымкентте медицина академиясының студенттері енді алысқа сабылмай-ақ қаладағы ауруханада тәжірбиелерін шыңдайтын болады.

12, февраля 2021
Шымкентте медицина академиясының студенттері енді алысқа сабылмай-ақ қаладағы ауруханада тәжірбиелерін шыңдайтын болады. Мұндай мүмкіндік Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен №1 қалалық клиникалық аурухана арасында түзелген келісім-шартқа сай туындап отыр. Енді білім ордасындағы студенттер аталған емдеу мекемесінде тәжірбиеден өтіп, біліктілігін шыңдай алады. Айта кетейік, академия студенттері практикадан өтіп қана қоймай, болашақта қаладағы емдеу мекемелерінде жұмыс істеуге мүмкіндік алмақ. Осы тарапта қалалық денсаулық сақтау басқармасы жас түлектерге қолдау білдіретіндігін жеткізді. Тіпті тәжірбиесін шыңдап жүрген болашақ дәрігерлер қажеттілікке байланысты ауруханадағы медициналық қызметкерлермен бірге емдеу ісіне қатыса алады. Сондай-ақ екі жақты келісім аясында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының кафедрасындағы профессорлық оқытушы құрам №1 қалалық клиникалық аурухана мамандарымен бірігіп, ауыр халдегі науқастарды емдеу үшін бірігіп консилиум өткізетін болады. Ең бастысы келісімі негізінде біліктілігі жоғары мамандар даярлауға басымдық беріледі. Бұл үшін ауруханада практикадан өтетін интеріндерді үздік дәрігерлер даярлап шығарады.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Городская клиническая больница №1"

Мекен-жайы:

Email:

РК, г. Шымкент, ул.Металлистов 1Б

sgbcmp@mail.ru