СПИД – иммундық жүйенің зақымдануы нәтижесінде организмнің қорғану күші әлсіреуінен туған патологиялық күй. Бұл ауруды ВИЧ — адамның иммундық тапшылық қоздырғышы (АИТҚ) тудырады. АИТҚ аурудың қандай да бір белгілері білінгенге дейін, адам ағзасында жылдар бойы тіршілік ете жүріп, басқа адамдарға да жұғуы мүмкін. АИТҚ ең алдымен адам ағзасының қорғаныштық тетіктерін зақымдап, оларды аурулар мен инфекцияларға қарсы тұра алмастай дәрменсіз етеді. Бұндай аурулар мен инфекциялар АИТҚ жұқтырған аурулар үшін өлім есігін ашады.
Бұл өте маңызды!
АИТҚ жұқтырған адамдар жылдар бойы өздерін дені сау адамдардай сезінеді және сыртқа да солай көрінеді, олар жылдар бойы осы ауруды жұқтырғанынан бейхабар жүруі де мүмкін. Бірақ жыл өткен сайын алғашқы белгілері біліне бастайды.
Салмағы күрт төмендеп, үлкен дәрет созылмалы сұйық түрде кететін болып, әлсіздік белең алады, қоздырғыштар мен бактериялар тудыратын аурулар жиілей бастайды. Бірнеше жылдан, бәлкім айдан соң, СПИД өзінің бар екендігінен толықтай хабар береді: ауыр жұқпалы аурулар, ісіктер, орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы біліне бастайды.
Ең бастысы
Сіздің қандай әлеуметтік топқа жататыныңыз я болмаса кімдермен араласатыныңыз емес, өзіңіз үшін қандай жолды таңдап алатыныңыз маңызды екенін естен шығармаңыз!
Новости
СПИД ауруы туралы
СПИД – иммундық жүйенің зақымдануы нәтижесінде организмнің қорғану күші әлсіреуінен туған патологиялық күй. Бұл…
Контакты
ГКП на ПХВ "Городская клиническая больница №1"Адрес:
Email:
РК, г. Шымкент, ул.Металлистов 1Б
sgbcmp@mail.ru