about us icon Пресс-центр

Новости

news image

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жыл сайын профилактикалық медициналық…

2, ноября 2021

Скринингтік зерттеулер туралы не білу қажет?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жыл сайын профилактикалық медициналық тексерулерді қаржыландыруға қаражат бөледі. Биыл осы мақсат үшін  9,6 млрд теңге жоспарланған.

Уақытында жүргізілген тексерулер аса ауыр ауруларды ерте кезеңде анықтауға және емдеуді бастауға көмектеседі.

Скринингтік тексерулерді өткізіп алмау неліктен маңызды және оны қалай жасауға болатындығы туралы қысқаша шолу дайындадық.

Скрининг дегеніміз не және ол не үшін қажет?

Скрининг – бұл шағымдары жоқ белгілі бір жастағы адамдарды ауруларды ерте сатысында анықтау және алдын алу үшін профилактикалық медициналық тексеру.

Яғни, емханаға бір рет бару арқылы сіз арнайы тексеру әдістерін қолдана отырып, қатерлі ісік немесе басқа аурулардың болуының (скрининг түріне байланысты) алдын аласыз немесе олардың пайда болу ықтималдығын уақытында анықтай аласыз.

Сақтандыру қажет пе?

Профилактикалық қарап-тексеру және скрининг бойынша медициналық көмек ТМККК және МӘМС бойынша көрсетіледі. Яғни учаскелік дәрігердің қабылдауы ТМККК шеңберінде жүргізіледі, сондықтан сақтандырылған тұлға мәртебесі қажет емес. Алайда пациентті консультациялық-диагностикалық қызметтерге (кардиолог, эндокринолог және офтальмологтың консультациясы, талдаулар алу, рентгеннен өту немесе қандай да бір басқа тексерулерден өту) жіберу үшін түлғаның сақтандырылған мәртебесі болу керек, өйткені бұл қызметтер МӘМС жүйесінде көрсетіледі.

2021 жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры скринингтік зерттеулерге 9,6 млрд. теңгеден астам қаражат бөлді (салыстыру үшін: өткен жылы 4,6 млрд. теңге жұмсалды). 2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 4,6 млрд теңгеден астам сомаға скрининг қызметі көрсетілді.

Кімге және қандай скринингтік тексеруден өту қажет?

  • 30-39 жас аралығындағы әйелдер мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтау мақсатында скринингтен өтеді. Темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, дене белсенділігінің төмен болуына немесе алкогольді шамадан тыс тұтынуға байланысты пациентке салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану жөнінде ұсынымдар беріледі.
  • 40-тан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін және глаукоманы ерте анықтау үшін скринингтен өтеді. Мужчины и женщины в возрасте от 40 до 70 лет проходят скрининг на раннее выявление артериальной гипертонии, ишемической болезни сердца, сахарного диабета и глаукомы. Қан қысымының, холестериннің, қан глюкозасының деңгейі және дене салмағының индексі анықталады.
  • 30-дан 70 жасқа дейінгі әйелдер жатыр мойны обырын ерте анықтауға тексеруден өтеді, оның ішінде ПАП-тест және тереңдетілген диагностика — (бейне) кольпоскопия, биопсия және гистологиялық зерттеу, бейінді мамандардың консультациясын алады.
  • 40 – тан 70 жасқа дейінгі әйелдер сүт безі обырын ерте анықтауға-екі проекцияда маммографияға тексеруден өтеді. Қажет болған жағдайда тереңдетілген диагностика — нысаналы маммография, сүт бездерінің УДЗ, трепанобиопсия, пункциялық немесе аспирациялық биопсия, гистология, бейінді мамандардың консультациясы жүргізіледі.
  • 50-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер гемокульт-тесттің көмегімен колоректалдық обырды ерте анықтауға тексеруден өтеді немесе қажет болған жағдайда тереңдетілген диагностика — жаппай бейне колоноскопия, оның ішінде наркоз, эндоскопиялық шертпелі биопсия, гистологиялық зерттеу арқылы мамандардың консультациясын алады.

Скринингтер өткізу «Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы зерттеулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы» ҚР ДСМ м.а. № 174 бұйрығымен регламенттеледі.

Скринингтен қалай өту керек?

Көңіл-күйіңізге, денсаулығыңызға ешқандай шағым болмаса да, скринингтен міндетті түрде өту қажет. Профилактика – сіздің денсаулығыңызды қорғаудың маңызды әдістерінің бірі. Бүкіл әлемдегі медицина қазір дәрігерлердің, мемлекеттің ғана емес,  азаматтардың өздерінің де денсаулығы үшін ортақ жауапкершілікті көтеруге шақырады. Сондықтан жасына қарай жасалынатын тексерулерді өткізіп алуға болмайды.

Әдетте, пациент тіркелген емхананың учаскелік медбикесі оны скринингтен өтуге шақырады. Алайда, сіз ол жерге жеке куәлігіңіз қолыңызда болса, өздігіңізден хабарласа аласыз.

Әрбір емханада скринингтік кабинеттер құрылған, онда дәрігер өмір салты мен тамақтану рационы, зиянды әдеттердің, тұқым қуалайтын аурулардың болуы туралы сұрақтар қояды, бойын, салмағын, қан қысымын өлшейді, қандағы қант пен холестерин деңгейін тексереді. Содан кейін қажет болған жағдайда пациент қосымша тексеруге немесе бейінді маманның кеңесіне жіберіледі. Жүргізілетін іс-шаралар тізбесі скринингтік зерттеу түріне байланысты болады.

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексте қызметкерлерге скринингтік зерттеулерден өту үшін жыл ішінде 3 жұмыс күніне дейін әлеуметтік демалыс берілетінін білу маңызды. Яғни, жұмыс беруші өз қызметкерін оның лауазымы мен орташа жалақысын сақтай отырып, скринингтен өтуге кедергісіз босатуы керек.

Егер сізде скринингтен өтуге қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, сіз оларды учаскелік дәрігерге немесе өз емханаңыздағы пациенттерді қолдау қызметіне қоя аласыз.

Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, онда сіз ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығына, Telegram-дағы Qoldau 24/7 және SaqtandyryBot мобильді қосымшасы.

Контакты

ГКП на ПХВ "Городская клиническая больница №1"

Адрес:

Email:

РК, г. Шымкент, ул.Металлистов 1Б

sgbcmp@mail.ru