about us icon Антына адал ақ халатты абзал жан

Антына адал ақ халатты абзал жан

Қабылов Даурен Асылбекұлы — жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарының магистрі. Білікті дәрігер медицина саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді.

Даурен Асылбекұлы бүгінде №1 Шымкент қалалық клиникасында «№1 хирургия бөлімінің» меңгерушісі қызметін атқарады.

  • 1979 жылы 27 мамырда Мақтаарал ауданы, Құдайбергената ауылында дүниеге келген.
  • 1995 жылы Бірлік орта мектебін бітірген.
  • 2003 жылы Халықаралық қазақ-түрік университетіне медицина факультетін аяқтаған.
  • 2003-2021 жылдары №1 Шымкент қалалық клиникалық ауруханада еңбек атқарған.
  • 2013-2019 «Гепатопанкреатобиллиарлы және бауыр-бүйрек трансплантациясы» бөлімшесінде «Хирург-трансплантолог» болып еңбек еткен.
  • 2019-2021 «№1 хирургия бөлімшесінің» меңгерушісі жұмысын атқарған.
  • 2017 жылы «Үздік хирург» төсбелгісімен марапатталған.
  • 2021-2023 жылдары Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында «Онкохирургия» бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс атқарған.
  • 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап, қазіргі таңда «№1 хирургия бөлімшесінің» меңгерушісі жұмысын атқарып келеді.

Тәжірибелі маман әрдайым өз біліктілігін елімізде және шетелдерде (Оңтүстік Корея, Белоруссия, Түркия, Ресей мемлекеттері) шыңдаған. Бірнеше бағдарламаларда, тікелей теледидар эфирлерде хирургия сұрақтары бойынша қатысып, сұқпат берген.
Антына адал, әрбір ісіне жауапкершілікпен қарайтын дәрігердің елден алған алғысы ерен. Осы жылдар бойы жедел және жоспарлы хирургиялық оталар, онкохирургиялық кеуде және іш-қуысының оталары, бауыр және бүйрек трансплантациясы оталарын жасап келеді. Болашақта хирургияны басқа қырымен дамыту жоспарында бар. Атап айтқанда, бүкіл іш-қуысының оталарын эндоскопиялық жолмен жасау.
Ақ халатты абзал жан отбасында жұбайымен 1 қыз, 3 ұл тәрбиелеп отыр.

Контакты

ГКП на ПХВ "Городская клиническая больница №1"

Адрес:

Email:

РК, г. Шымкент, ул.Металлистов 1Б

sgbcmp@mail.ru